Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек шетелде қалып қойған "Болашақ" түлектері мемлекетке 1,9 млрд теңге қайтарғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Болашақ" бағдарламасымен оқыған 200-ден астам қазақстандық шетелде қалып қойды. Бүгінде оқудың ақысы мемлекетке қайтарылып жатыр. Халықаралық бағдарламалар орталығы осы жұмысқа белсенді кірісті. Былтыр олар 1,9 млрд теңге қайтарса, биыл 700 млн теңге қайтарды. Бүкіл ақшаны қайтарамыз", - деді Саясат Нұрбек Сенаттың жалпы отырысынан соң.
Министр талапты орындамаған "Болашақ" түлектерінен оқудың ақысы қалай қайтарылатынын түсіндірді.
"Көбісі (оқудың ақысын) өздері қайтарады. Олар өз кінәсін мойындайды. Арнайы келісімшартқа қол қойылып, ақша қайтарылады. Кейбір жағдайда сот шешімі арқылы ақша өндіріледі", - деді ол.
Айта кетейік, бүгін ғылым және жоғары білім министрі "Болашақ" бағдарламасы бойынша шыққан дауға қатысты пікір білдірген еді.
Еске салайық, бұған дейін журналистердің президенттен көмек сұрағанын жазған едік.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!