- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шетелде жоғалып кеткен...
Шетелде жоғалып кеткен қазақстандық экс-судьяның туыстары Германияға жетті
Шетелде жоғалып кеткен қазақстандық әйелдің туыстары Германияға жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.
"Қазір жоғалған Қазақстан азаматының анасы мен ағасы Германияда жүр. Оларға виза алуға көмектестік. Полициямен тығыз байланыстамыз, жұмыс істеп жатырмыз. Жақын арада ақпарат болады деп күтеміз. Әзірше, бар ресми ақпарат осы ", - деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихаты.
Еске салайық, бұған дейін сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Германияда Қазақстан азаматы жоғалғанын растаған болатын.
"2024 жылғы 5 маусымда Майндағы Франкфурт қаласындағы Қазақстанның бас консулдығына Қазақстан азаматтары 2024 жылғы 3 маусымда қызының жоғалып кетуіне байланысты арыз түсті. Бас консулдық осы істі өтініш келіп түскен сәттен соң ерекше бақылауға алды. Ақпарат түскеннен бастап біздің дипломаттар жергілікті полицияға хабарласып, полиция жедел іздестіру іс-шараларын бастап кетті", - деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, Германия заңына сәйкес қылмыстық істің мән-жайы жария етілмейді.
"Сондай-ақ қазақстандық тарапының іске тікелей араласуға құқығы жоқ. Дипломаттар жоғалған әйелдің туыстарымен тікелей байланысты. Қазір неміс тарапына бұл істің жеке бақылауға алу және барлық қолғабысты көрсету туралы арнайы хат жолданды. Жақын арада неміс тарапымен бірлесіп, (жоғалған әйелдің) туыстарына виза алып беру үшін жұмыс істеп жатырмыз", - деді ресми өкіл.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Есен