Шетел азаматтары құрылыс материалдары арасына жасырынып, шекарадан өтпек болған

Шетел азаматтары құрылыс материалдары арасына жасырынып, шекарадан өтпек болған
Фото: ҰҚК кадры

23 қарашада ҰҚК Шекара қызметі Ақтөбе облысының Жайсан өткізу бекетінде заңсыз көші-қон әрекетін анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жүк көлігін тексеру барысында құрылыс материалдары арасынан 10 шетелдік азамат ұсталған.

"Қылмыстық кодекстің 24 және 394-баптары бойынша соталды тергеу басталды", - деді ҰҚК өкілі.

ҰҚК кадры

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget