Шетелден әкелінген автокөліктерді заңдастыратын маманданырылған халыққа қызмет көрсету орталықтардың (МХҚО) жұмыс кестесі өзгерді. Мемлекеттік корпорация мұндай шешімді қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында қабылдаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Автокөліктерді заңдастыру бойынша мемлекеттік қызмет көрсететін МХҚО-лар дүйсенбі және сенбі күндері аралығында сағат 09:00-ден бастап 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Осы жұмыс кестесі бойынша орталықтар келушілерді 2023 жылғы 6 ақпанына дейін қабылдайды", - делінген хабарламада.
Автокөліктерді заңдастыру үшін азаматтарды қабылдайтын МХҚО-лардың мекенжайларын келесі сілтемеден көруге болады.
Еске салайық, шетелден әкелінген автокөліктерді заңдастыру 2023 жылғы 23 қаңтарда басталып, 1 шілдеге дейін жалғасады. Ішкі істер министрлігінің дерегінше, алғашқы екі күнде 5 836 өтініш алдын ала мақұлданып, оның ішінде 333 қазақстандық мемлекеттік нөмір мен техпаспорттарды алған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!