- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шет елдерде Қазақстанның...
Шет елдерде Қазақстанның қанша азаматы дауыс берді?
Сыртқы істер министрлігі шет елдерде мәжіліс және мәслихат сайлауында Қазақстанның қанша азаматы дауыс бергенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомствоның хабарына қарағанда, 62 шет мемлекетте 77 учаскелік сайлау комиссиясы құрылған, онда 12 016 адам дауыс бере алады.
19 наурыз сағат 19:00-дегі жағдай бойынша шет елдердегі 11 учаскелік сайлау комиссиясы (Сеул, Токио, Пекин, Сингапур, Куала-Лумпур, Ұлан-Батыр, Гонконг, Шанхай, Бангкок, Джакарта және Ханой) жұмысын аяқтады және 5 071-ге жуық Қазақстан азаматы дауыс берді, бұл - 41,8 пайыз.
66 учаске жұмысын жалғастырып жатыр.
Шетелде дауыс беру Сан-Францискодағы сайлау учаскесінде 20 наурызда сағат 09:00-де аяқталады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан