"SuperStar KZ" жобасының түлегі, танымал әнші әрі музыкант Ермек Меденов қарындасы Айдана Меденованың орамал тағып, өнерден кетуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші өнер мен дінді қатар алып жүруге болады деп есептейді.
"Негізі, мен мұндайға қарсымын. Әр адам өзі біледі ғой, сол секілді Айдана да өзі біледі. Ал мен дінді де, өнерді де тастамаса деймін. Әннің оған қандай жамандық әкелетінін түсінбеймін, өзі шешті ғой. Айдана өте дарынды қыз, білесіздер ғой, бала кезінен қаншама байқауға қатысып, бәрінің майын тамызып келе жатқан қыз еді. Менің анам да сондай болатын, Айдана сол кісіге тартқан. Істеу керек пе? Істейді. Жеңу керек пе? Жеңеді. Бітті. Халық оны сағынады деп ойлаймын, арасында ән айтса, түк етпейді деп санаймын", - деді ол.
Тағы да оқи отырыңыздар: Түсіңде гүл көру нені білдіреді?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!