Қазақстанның Энергетика министрлігі Новороссийск портындағы "Шесхарис" мұнай терминалында тіркелген оқыс оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, қазір Атырау - Самара және Ақтау - Махачкала бағыттары бойынша қазақстандық мұнайды қабылдау және тасымалдау штаттық режимде, шектеусіз жүргізіліп жатыр.
"Министрлік "Транснефть" компаниясымен тұрақты байланыста. Барлық процесс ведомствоның жіті бақылауында", - деді Энергетика министрлігінің ресми өкілі Әсел Серікпаева.
Айта кетейік, бұған дейін Новороссийскіде дрон шабуылы салдарынан "Шесхарис" мұнай базасына зақым келгені туралы ақпарат тарады.
"Шесхарис" - Ресейдің оңтүстігіндегі мұнай мен мұнай өнімдерін ауыстырып тиеуге арналған ірі мұнай тасымалдау кешендерінің бірі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз