Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Талғарда қаза тапқан Шерзаттың отбасының үйі өртенген оқиға бойынша тергеу қалай жүріп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ІІМ басшысының сөзінше, тергеу ерекше бақылауда.
"Істі арнайы прокурор қарап жатыр. Тергеу жүріп жатыр. Тергеу шараларына қатысты пікір білдіре алмаймын. Толық қарқынмен жүргізіліп жатыр, бақылауда ұстаймыз", - деді Сәденов Мәжіліс дәлізінде.
Сондай-ақ, министр Шерзаттың ағасының өліміне қатысты тергеу барысы туралы сауалға жауап берді.
"Іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр", - деді ол.
Шерзат Болаттың өлімі туралы не белгілі?
Еске салайық, Талғарда 2024 жылы 4 қазанға қараған түні жасөспірім көз жұмды, кейінірек өңірдің Полиция департаменті осы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. Ал марқұм Шерзаттың отбасы бұл жайтқа қатысы барлардың бәрін ұстап, жазалауды талап етті. Қалаға ІІМ тобы жіберілді.
Талғардағы қайғылы оқиға: бейнебақылау камераларының жазбалары өшірілгені рас па?
Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Талғарда көз жұмған Шерзаттың отбасына тегін қорғаушы ұсынды. Сонымен қатар, Алматы облысы Полиция департаментінің өкілі Талғардағы жаппай төбелесте күдіктілер қандай суық қару қолданғанын айтты.
Кейінірек полиция тағы да мәлімдеме жасап, халық арасында тараған "Талғардағы жасөспірімнің өліміне бандиттердің қатысы бар" деген ақпаратқа пікір білдірді. Ал 12 қазанда Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті. Артынша марқұмның отбасын полиция күзететін болды.
Талғарда қаза тапқан жасөспірімнің үйі өртенді: оқиға орнынан фотолар
Кейін Шерзаттың ағасы да өлі табылды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова