Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді "Азия. В центре" Youtube-арнасына берген сұхбатында талғарлық Шерзат Болаттың отбасының шетелге көшуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, Шерзаттың отбасы тергеу барысында елде болады.
"Иә, өйткені оқиға орнында түсірілген видеолардың жарияланып кетуі қастандық болды. Біз тергеу жүргізіп жатқан барлық қызметкермен бірлесіп жұмыс істедік, алайда видео тарап кетті. Оған қоса, құзырлы органдар бұл видеоға қатысты ешқандай түсініктеме берген жоқ, бұған қатысты іс қозғалды ма, тергеу нәтижелері қандай екенін біз білмейміз. Әрине, ұлы мен үйінен айырылған Қаржаубай сол сәтте өзін сатып кеткендей сезініп, елден кеткісі келді. Бірақ олар қазір тұрып жатқан үй Шерзат қабірінен 3 минуттық жерде, яғни өте жақын орналасқан. Оларға физикалық тұрғыдан сол жерден кету өте қиын, әсіресе отбасының әйелдеріне ауыр. Олар күн сайын сонда барады, мұны да ескеру керек, бұл олардың қайғысы. Сондықтан мен олармен сөйлесемін, егер олар кеткісі келсе, біз, әрине, толығымен қолдаймыз.
Егер қаржыландыру туралы айтатын болсақ, отбасы халықтан ақша жинаудан мүлдем бас тартты. Бұл олардың құқығы. Кейінірек мен отбасыға баспана сатып алу үшін халықтан ақша жинауды ойлап отырған кезде, оларға көмектесетін адам пайда болды. Қазіргі уақытта жеке тұлғалардан жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы екі ұсыныс бар, сонымен қатар қосымша шығындарға жалпы қаржылық қолдау, соның ішінде көшу, жаңа заттар, жиһаз алып беру бар.
Отбасы көмекке мұқтаж, бірақ қазіргі уақытта көмегін ұсынатын адамдар табылды. Біз өз кезегінде осы адамдармен байланысу керек пе, оның салдары қандай болуы мүмкін екенін тексердік. Бәрі жақсы", - деді ол.
Еске салайық, Талғарда 4 қазанға қараған түні жасөспірім көз жұмды, кейінірек өңірдің полиция департаменті осы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. Ал марқұм Шерзаттың отбасы бұл жайтқа қатысы барлардың бәрін ұстап, жазалауды талап етті. Қалаға ІІМ тобы жіберілді.
Талғардағы қайғылы оқиға: бейнебақылау камераларының жазбалары өшірілгені рас па?
Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Талғарда көз жұмған Шерзаттың отбасына тегін қорғаушы ұсынды. Сонымен қатар Алматы облысы полиция департаменті өкілі Талғардағы жаппай төбелесте күдіктілер қандай суық қару қолданғанын айтты.
Кейінірек полиция тағы да мәлімдеме жасап, халық арасында тараған, "Талғардағы жасөспірімнің өліміне бандиттердің қатысы бар" деген ақпаратқа пікір білдірді. Ал 12 қазанда Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті. Артынша марқұмның отбасын полиция күзететін болды.
Талғарда қаза тапқан жасөспірімнің үйі өртенді: оқиға орнынан фотолар
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!