- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шерзат Болат ісі
Шерзаттың өліміне қатысты тергеу аяқталуға жақын - прокуратура
Шерзат Болаттың өліміне қатысты тергеу қашан аяқталатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Прокуратура мәліметінше, Шерзат Болаттың өліміне қатысты соталды тергеу аяқталу сатысында тұр, тергеу жүргізілген, барлық күдікті ұсталған.
"Қазір сараптама нәтижелері шыққанын күтіп отырмыз, содан кейін процеске қатысушыларға танысу үшін беріледі. Қаржаубай Нұрымовтың үйін өртеуге және Нұрқанат Ғайыпбаевтың өзіне-өзі қол жұмсауына қатысты қылмыстық істер бойынша тергеу барысы Бас прокуратураның бақылауында. Жұртшылықты жалған ақпарат таратпауға шақырамыз", - деп жазылған Алматы облысы прокуратурасының хабарламасында.
Айта кетейік, 9 желтоқсанда таңертең Шерзат Болаттың ағасы өлі табылды. Полиция мәліметінше, марқұм өзіне-өзі қол жұмсаған, сондай-ақ ол Шерзаттың ағасы Нұрқанат екені расталған.
Нұрқанаттың жерлеу рәсімінен соң Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов ұсталды. Кейін ол 15 тәулікке қамалды. Ал кеше Шерзаттың әкесіне қарсы қылмыстық іс қозғалды.
Шерзат Болаттың өлімі туралы не белгілі?
Еске салайық, Талғарда 4 қазанға қараған түні жасөспірім көз жұмды, кейінірек өңірдің полиция департаменті осы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. Ал марқұм Шерзаттың отбасы бұл жайтқа қатысы барлардың бәрін ұстап, жазалауды талап етті. Қалаға ІІМ тобы жіберілді.
Талғардағы қайғылы оқиға: бейнебақылау камераларының жазбалары өшірілгені рас па?
Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Талғарда көз жұмған Шерзаттың отбасына тегін қорғаушы ұсынды. Сонымен қатар Алматы облысы полиция департаментінің өкілі Талғардағы жаппай төбелесте күдіктілер қандай суық қару қолданғанын айтты.
Кейінірек полиция тағы да мәлімдеме жасап, халық арасында тараған "Талғардағы жасөспірімнің өліміне бандиттердің қатысы бар" деген ақпаратқа пікір білдірді. Ал 12 қазанда Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті. Артынша марқұмның отбасын полиция күзететін болды.
Талғарда қаза тапқан жасөспірімнің үйі өртенді: оқиға орнынан фотолар
ІІМ бұл істі тергеу жыл соңына дейін аяқталатынын мәлімдеді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова