ІІМ өкілдері тікелей эфирден Шерзат көз жұмған күні не болғанын көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы облысының аймақтық коммуникациялар қызметінің алаңында Талғар ауданында болған қылмыстың тергелу барысына арналған баспасөз конференциясы өтіп жатыр.
Тікелей эфирдегі кадрларда 4 қазанға қараған түні Талғардағы "Қамажай" дүкенінде болған оқиғалар көрсетілді.
Кадрларға сүйенсек, күдікті екі бөтелке сыра, төрт дана шылым алған. Мәліметке сүйенсек, бұл заттарға төленген аударым бірден түспеген. Біраз уақыттан кейін аударым жасалып, ер адам тағы бір бөтелке сыра алып, оны қолма-қол төлеген. Кейінірек күдікті дүкенге қайта келіп, телефонын қуаттап беруді сұрайды. Артынша қайта келіп, телефонын сұрайды.
Осыдан кейін оқиға көшеде жалғасқан.
ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДІ МЫНА СІЛТЕМЕ АРҚЫЛЫ КӨРЕ АЛАСЫЗ.
Еске салайық, Талғарда 4 қазанға қараған түні жасөспірім көз жұмды, кейінірек өңірдің полиция департаменті осы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. Ал марқұм Шерзаттың отбасы бұл жайтқа қатысы барлардың бәрін ұстап, жазалауды талап етті. Қалаға ІІМ тобы жіберілді.
Талғардағы қайғылы оқиға: бейнебақылау камераларының жазбалары өшірілгені рас па?
Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Талғарда көз жұмған Шерзаттың отбасына тегін қорғаушы ұсынды. Сонымен қатар Алматы облысы полиция департаменті өкілі Талғардағы жаппай төбелесте күдіктілер қандай суық қару қолданғанын айтты.
Кейінірек полиция тағы да мәлімдеме жасап, халық арасында тараған, "Талғардағы жасөспірімнің өліміне бандиттердің қатысы бар" деген ақпаратқа пікір білдірді. Ал 12 қазанда Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті. Артынша марқұмның отбасын полиция күзететін болды.
Талғарда қаза тапқан жасөспірімнің үйі өртенді: оқиға орнынан фотолар
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!