- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шерзат Болат
Шерзаттың өлімі: қылмыстық іс қандай баптар бойынша жүріп жатыр?
Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Шерзат Болаттың өліміне қатысты тергеу Қылмыстық кодекстің қандай баптары бойынша жүргізіліп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қылмыстық істер мына баптар бойынша жүргізіліп жатыр:
- Алматы облысының полиция департаменті Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі
(адам өлтіру), - 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық),
- 115-бабы (қорқыту),
- 432-бабы (қылмысты жасырып қалу)
- 434-бабымен (қылмыс туралы хабарламау) қылмыстық істер тіркеліп, тергеу жүріп жатыр.
Қазіргі танда қасақана кісі өлтіруге қатысты күдікпен 8 адам және қылмыс туралы хабарламау бойынша 3 адам соттың санкциясымен қамауға алынды.
"Тергеу жалғасып жатыр, оның ішінде қылмыс орнында тергеу жүргізіліп жатыр. Жалпы, елдегі криминогендік жағдай қазір тұрақты", - делінген Ішкі істер министрінің жауабында.
Еске салайық, Талғарда 4 қазанға қараған түні жасөспірім көз жұмды, кейінірек өңірдің полиция департаменті осы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. Ал марқұм Шерзаттың отбасы бұл жайтқа қатысы барлардың бәрін ұстап, жазалауды талап етті. Қалаға ІІМ тобы жіберілді.
Талғардағы қайғылы оқиға: бейнебақылау камераларының жазбалары өшірілгені рас па?
Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Талғарда көз жұмған Шерзаттың отбасына тегін қорғаушы ұсынды. Сонымен қатар Алматы облысы полиция департаменті өкілі Талғардағы жаппай төбелесте күдіктілер қандай суық қару қолданғанын айтты.
Кейінірек полиция тағы да мәлімдеме жасап, халық арасында тараған, "Талғардағы жасөспірімнің өліміне бандиттердің қатысы бар" деген ақпаратқа пікір білдірді. Ал 12 қазанда Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті. Артынша марқұмның отбасын полиция күзететін болды.
Талғарда қаза тапқан жасөспірімнің үйі өртенді: оқиға орнынан фотолар
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина