Шерзаттың әкесіне қылмыстық іс қозғала ма? - Бас прокуратура жауабы

Сенат кулуарында Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Талғардағы Шерзат ісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бас прокуратура өкілінің сөзінше, тергеу барысы үнемі бақылауда.

"Өздеріңіз білетіндей, бірнеше тұлға ұсталып, бірқатар айып тағылды. 15 қазанда Алматыда өткен брифингте тергеу амалдары қалай жүріп жатқаны толық айтылды. Марқұмның әкесіне қатысты ешқандай қылмыстық іс қозғалмады. Өртке қатысты тергеу жүріп жатыр, сараптамалар тағайындалды", - деді Ғалымжан Қойгелдиев.

Еске салайық, Талғарда 4 қазанға қараған түні жасөспірім көз жұмды, кейінірек өңірдің полиция департаменті осы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. Ал марқұм Шерзаттың отбасы бұл жайтқа қатысы барлардың бәрін ұстап, жазалауды талап етті. Қалаға ІІМ тобы жіберілді.

Талғардағы қайғылы оқиға: бейнебақылау камераларының жазбалары өшірілгені рас па?

Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Талғарда көз жұмған Шерзаттың отбасына тегін қорғаушы ұсынды. Сонымен қатар Алматы облысының полиция департаменті өкілі Талғардағы жаппай төбелесте күдіктілер қандай суық қару қолданғанын айтты.

“Қазақ болып күресеміз“. Заңгер Талғардағы жасөспірімнің өліміне қатысты істі соңына дейін жеткізетінін айтты

Кейінірек полиция тағы да мәлімдеме жасап, халық арасында тараған, "Талғардағы жасөспірімнің өліміне бандиттердің қатысы бар" деген ақпаратқа пікір білдірді. Ал 12 қазанда Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті. Артынша марқұмның отбасын полиция күзететін болды.

Талғарда қаза тапқан жасөспірімнің үйі өртенді: оқиға орнынан фотолар 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!