Шерзаттың әкесіне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды - адвокат

Шерзаттың әкесіне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды - адвокат
Фото: Видео кадры

Талғарда қаза тапқан Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовқа қатысты бұған дейін қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы осы отбасының адвокаты Мейірман Шекеев мәлімдеді.

"Қаржаубайға қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша көп азамат алаңдаушылық білдіріп, тікелей эфирде, басқа да жерлерде, одан қалса журналистер де сұрап жүргендіктен және бұл іске қатысты өсек-аяңды тоқтату үшін осы ақпаратты шығарып отырмын. Осы уақытқа дейін жауап бере алмадық, өйткені іс жалғасып жатты. Десе де осы аралықта атқарылған қаншама жұмыстың арқасында бұл нәтижеге қол жеткізе алдық деп ойлаймын. ...Қаржаубайға қатысты қозғалған қылмыстық іс Қылмыстық-процестік кодекстің 35-бабы 1-бөлігі 12-тармағы негізінде тоқтатылды", - деді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ (@meir_halyq_zangeri)

Еске салайық, бұған дейін Шерзаттың әкесіне қарсы қылмыстық іс қозғалды. Полицияның мәліметінше, бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелген.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget