Шерзаттың ағасының өлімі: әкімдік мәлімдеме жасады

Алматы облысы әкімдігі Шерзат Болаттың ағасының өліміне қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарының әкімдері Нұрқанат Ғайыпбаевтың қайғылы қазасына байланысты отбасына барып көңіл айтты. Сондай-ақ олар осы қиын кезеңде Нұрқанаттың жанұясына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді", - деп жазылған әкімдіктің Massaget.kz-ке жауабында.

Айта кетейік, бүгін таңертең Шерзат Болаттың ағасы өлі табылған еді. Ақпаратты Алматы облыстық полиция департаменті растады. Полиция мәліметінше, марқұм өз-өзіне қол жұмсаған.

Шерзат Болаттың өлімі туралы не белгілі?

Еске салайық, Талғарда 4 қазанға қараған түні жасөспірім көз жұмды, кейінірек өңірдің полиция департаменті осы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. Ал марқұм Шерзаттың отбасы бұл жайтқа қатысы барлардың бәрін ұстап, жазалауды талап етті. Қалаға ІІМ тобы жіберілді.

Талғардағы қайғылы оқиға: бейнебақылау камераларының жазбалары өшірілгені рас па?

Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Талғарда көз жұмған Шерзаттың отбасына тегін қорғаушы ұсынды. Сонымен қатар Алматы облысы полиция департаментінің өкілі Талғардағы жаппай төбелесте күдіктілер қандай суық қару қолданғанын айтты.

"Қазақ болып күресеміз". Заңгер Талғардағы жасөспірімнің өліміне қатысты істі соңына дейін жеткізетінін айтты.

Кейінірек полиция тағы да мәлімдеме жасап, халық арасында тараған "Талғардағы жасөспірімнің өліміне бандиттердің қатысы бар" деген ақпаратқа пікір білдірді. Ал 12 қазанда Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті. Артынша марқұмның отбасын полиция күзететін болды.

Талғарда қаза тапқан жасөспірімнің үйі өртенді: оқиға орнынан фотолар 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!