Шерзаттың ағасы қайтыс болар алдында хат жазып кеткен

Марқұм Шерзат Болаттың ағасы қайтыс болар алдында хат жазып кеткен. Хат мәтінін полиция жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Марқұм хатында өзін Шерзаттың қасына жерлеуді сұрайды.

"Аға, не істесем де кешір. Бұл өмір. Мен бауырым өлгенін қаламадым. Барынша тырыстым сақтап қалуға. Аллаға керек болды. Оны да алып қойды. Аға, өмір түсін, біз үшін кек алуың керек. Сен сол үшін жаралғансың. Бірақ мен істеген істі қайталама. Сенде ұл-қыз бар. Соларды ойла. Мен сені қатты жақсы көремін, кешіріп қой. ...Шерзаттың жанына жерлесең болды, басқа айтарым жоқ", - деп жазылған жазбада.

instagram.com/police_almobl

Айта кетейік, бүгін таңертең Шерзат Болаттың ағасы өлі табылған еді. Ақпаратты Алматы облыстық полиция департаменті растады.

Шерзат Болаттың өлімі туралы не белгілі?

Еске салайық, Талғарда 4 қазанға қараған түні жасөспірім көз жұмды, кейінірек өңірдің полиция департаменті осы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. Ал марқұм Шерзаттың отбасы бұл жайтқа қатысы барлардың бәрін ұстап, жазалауды талап етті. Қалаға ІІМ тобы жіберілді.

Талғардағы қайғылы оқиға: бейнебақылау камераларының жазбалары өшірілгені рас па?

Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Талғарда көз жұмған Шерзаттың отбасына тегін қорғаушы ұсынды. Сонымен қатар Алматы облысы полиция департаментінің өкілі Талғардағы жаппай төбелесте күдіктілер қандай суық қару қолданғанын айтты.

"Қазақ болып күресеміз". Заңгер Талғардағы жасөспірімнің өліміне қатысты істі соңына дейін жеткізетінін айтты.

Кейінірек полиция тағы да мәлімдеме жасап, халық арасында тараған "Талғардағы жасөспірімнің өліміне бандиттердің қатысы бар" деген ақпаратқа пікір білдірді. Ал 12 қазанда Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті. Артынша марқұмның отбасын полиция күзететін болды.

Талғарда қаза тапқан жасөспірімнің үйі өртенді: оқиға орнынан фотолар 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!