Шерзат ісі: екі сотталушының шағымын қарау кейінге шегерілді

Шерзат ісі: екі сотталушының шағымын қарау кейінге шегерілді
Фото: Видео кадры

Талғарда қаза тапқан Шерзат Болаттың ісі бойынша екі сотталушы түсірген шағымды қарау кейінге шегерілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы заңгер Мейірман Шекеев мәлімдеді.

"Шерзат Болаттың ісі бойынша А.Тоқтаубаев, Д.Қалиахметовтің сот актілеріне берген кассациялық шағымдарын қарау жәбірленушілердің өкілінің өтінішхаты бойынша кейінге, яғни 14 сәуір сағат 16:00-ге қалдырылды", - деді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ (@meir_halyq_zangeri)

Айта кетейік, бұған дейін Азамат Тоқтаубаев пен Дидар Қалиахметовтен кассациялық шағым түскені, екеуі де сот үкімімен келіспегені белгілі болды. 2025 жылы мамырда Азамат Тоқтаубаев 15 жылға, ал Дидар Қалиахметов 7 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Шерзат ісі туралы не белгілі?

Еске салайық, 2024 жылы 4 қазанға қараған түні Талғарда Шерзат Болат көз жұмды.

2025 жылы 5 мамырда Талдықорған сотында тоғыз айыпталушыға сот үкімі шықты:

  • Тергеу мәліметінше, Шерзатқа пышақ жарақатын салған басты айыпталушы Абзал Шынасыл 23 жылға бас бостандығынан айырылды.
  • Равиль Сакиев 20 жылға сотталды.
  • Қалған айыпталушылар 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget