Талғарда қаза тапқан Шерзат Болаттың ісі бойынша екі сотталушы шағым түсірген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы заңгер Мейірман Шекеев мәлімдеді.
"Шерзаттың ісі бойынша кассациялық шағымдар түскен. Бірақ кассациялық шағымдарды қазір ғана алуға мүмкіншілігіміз туды. Ал сот ертеңге (бүгінге - еск.) тағайындалған екен. Азамат Тоқтаубаевтан және Дидар Қалиахметовтен кассациялық шағым түскен. Екеуі де сот үкімдерімен келіспей, ақтауды сұрап отыр", - деді заңгер.
Еске салайық, 2024 жылы 4 қазанға қараған түні Талғарда Шерзат Болат көз жұмды.
2025 жылы 5 мамырда Талдықорған сотында тоғыз айыпталушыға сот үкімі шықты:
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!