Талғарда қаза тапқан Шерзат Болаттың ісі бойынша екі сотталушы түсірген шағым бүгін қаралады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы заңгер Мейірман Шекеев мәлімдеді.
"Қаржаубай және Нұрымовтар отбасы сіздерден барынша қолдау күтеді. ...Шерзаттың ісі бойынша Тоқтаубаев және Қалиахметовтің сот актілеріне берген кассациялық шағымы бүгін қаралады", - деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Азамат Тоқтаубаев пен Дидар Қалиахметовтен кассациялық шағым түскені, екеуі де сот үкімімен келіспегені белгілі болды. 2025 жылы мамырда Азамат Тоқтаубаев 15 жылға, ал Дидар Қалиахметов 7 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
Еске салайық, 2024 жылы 4 қазанға қараған түні Талғарда Шерзат Болат көз жұмды.
2025 жылы 5 мамырда Талдықорған сотында тоғыз айыпталушыға сот үкімі шықты:
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз