Талдықорғанда Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Судья үкімді оқып, залдан шыққаннан кейін жиналғандар шу шығарып, кабинадағы сотталғандар жұдырықпен әйнекті ұра бастады. Осыдан кейін айқай үдей түсті.
Арнайы жасақ қызметкерлері оқиға орнында. Олар журналистер мен қатысушыларды сот залынан шығарды.
Айта кетейік, бүгін, 5 мамырда, Талдықорған сотында тоғыз айыпталушыға үкім шығарылды.
Тергеу мәліметінше, Шерзатқа пышақ жарақатын салған басты айыпталушы Абзал Шынасыл 23 жылға бас бостандығынан айырылды. Равиль Сакиев 20 жылға сотталды.
Қалған айыпталушылар 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Кәмелетке толмаған Ы.Д. 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз