Шерзат ісі: айыпталушылардың бірінің бұған дейін қандай іске қатысы болды?

Шерзат Болаттың өлімі бойынша айыпталушылардың бірі бұған дейін адамға шабуыл жасағаны үшін сотталған. Талғарда жасөспірім өлтірілген күні Азамат Тоқтаубаев үй қамақта болуы керек еді. Бұл туралы Алматы облысының прокуратурасы Tengrinews.kz сауалына берген жауабында мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

24 жастағы Азамат Тоқтаубаев орташа қауіпсіздік колониясында жеті жылға бас бостандығынан айырылған. Бұл туралы ол Шерзат ісіне қатысты алғашқы сот отырысында айтты.

Азамат Тоқтаубаевқа 2024 жылғы 17 қазанда үкім шыққан, яғни Шерзат өлтірілгеннен кейін екі аптадан кейін шығарылған.

"Талғар аудандық сотының 2024 жылғы 17 қазандағы үкімімен А.М. Тоқтаубаев ҚК- нің 106-бабы 2-бөлігі 7-тармағы бойынша (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру, бұзақылық ниетпен) бас бостандығынан айыру жазасына сотталды", - деп жазылған Алматы облысының прокуратурасы жауабында.

Қайғылы оқиға болған күні Азамат Тоқтаубаев қандай себеппен бостандықта жүрген?

"Тергеу барысында Талғар аудандық тергеу сотының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы қаулысымен күдіктіге қатысты екі айға дейін, яғни 2024 жылғы 14 ақпанға дейінгі мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Кейін тергеу сотының 2024 жылғы 6 ақпандағы қаулысымен Тоқтаубаевқа қатысты бұлтартпау шарасы қамауда ұстаудан үй қамаққа ауыстырылды", - деді прокуратура өкілдері.

Азамат Тоқтаубаев 2000 жылы туған. Үйленген. Орта білімі бар. Өзінің айтуынша, жеке кәсіпкер болған. Қазір Шерзат ісі бойынша айыпталушы.

Шерзат ісі бойынша сот отырысы

2025 жылы 10 cәуірде Талдықорғанда Шерзат Болаттың ісі бойынша сот процесі басталды. Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот отырысы тікелей эфирден көрсетіледі.

Бұған дейінгі сот отырыстарында жәбірленуші тарап өкілдері, яғни марқұмның әжесі, ата-анасы, одан бөлек куәгерлер, айыпталушылар сөйледі.

Шерзат Болаттың өлімі туралы не белгілі?

Еске салайық, Талғарда 2024 жылы 4 қазанға қараған түні жасөспірім көз жұмды, кейінірек өңірдің Полиция департаменті осы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. Ал марқұм Шерзаттың отбасы бұл жайтқа қатысы барлардың бәрін ұстап, жазалауды талап етті. Қалаға ІІМ тобы жіберілді.

Талғардағы қайғылы оқиға: бейнебақылау камераларының жазбалары өшірілгені рас па?

Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Талғарда көз жұмған Шерзаттың отбасына тегін қорғаушы ұсынды. Сонымен қатар, Алматы облысы Полиция департаментінің өкілі Талғардағы жаппай төбелесте күдіктілер қандай суық қару қолданғанын айтты.

"Қазақ болып күресеміз". Заңгер Талғардағы жасөспірімнің өліміне қатысты істі соңына дейін жеткізетінін айтты.

Кейінірек полиция тағы да мәлімдеме жасап, халық арасында тараған "Талғардағы жасөспірімнің өліміне бандиттердің қатысы бар" деген ақпаратқа пікір білдірді. Ал 12 қазанда Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті. Артынша марқұмның отбасын полиция күзететін болды. 

Талғарда қаза тапқан жасөспірімнің үйі өртенді: оқиға орнынан фотолар 

Кейін Шерзаттың ағасы да өлі табылды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!