Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Шерзат Болаттың үйі өртенуіне қатысты істі тергеу барысын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ғалымжан Қойгелдиевтің айтуынша, бұл іс бойынша соталды тергеу әлі жалғасып жатыр.
"Кең ауқымды сараптамалар жүргізілді деп айта аламын. Бұл сараптамалар бойынша белгілі бір нәтиже бар. (...) Ресей Федерациясына халықаралық тергеу тапсырмасын жібердік", - деді Қойгелдиев Сенатта өткен брифингте.
Бас прокурордың орынбасарының айтуынша, тәртіп сақшылары өрт шыққан күні үй маңында қандай көліктер тұрғанын спутник арқылы анықтамақ.
"Сондықтан бұған азғантай уақыт керек", - деді Қойгелдиев.
Шерзат Болаттың өлімі туралы не белгілі?
Еске салайық, Талғарда 2024 жылы 4 қазанға қараған түні жасөспірім көз жұмды, кейінірек өңірдің Полиция департаменті осы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. Ал марқұм Шерзаттың отбасы бұл жайтқа қатысы барлардың бәрін ұстап, жазалауды талап етті. Қалаға ІІМ тобы жіберілді.
Талғардағы қайғылы оқиға: бейнебақылау камераларының жазбалары өшірілгені рас па?
Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Талғарда көз жұмған Шерзаттың отбасына тегін қорғаушы ұсынды. Сонымен қатар, Алматы облысы Полиция департаментінің өкілі Талғардағы жаппай төбелесте күдіктілер қандай суық қару қолданғанын айтты.
Кейінірек полиция тағы да мәлімдеме жасап, халық арасында тараған "Талғардағы жасөспірімнің өліміне бандиттердің қатысы бар" деген ақпаратқа пікір білдірді. Ал 12 қазанда Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті. Артынша марқұмның отбасын полиция күзететін болды.
Талғарда қаза тапқан жасөспірімнің үйі өртенді: оқиға орнынан фотолар
Кейін Шерзаттың ағасы да өлі табылды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова