• 501.83
  • 490.7
  • 5.31

Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс: полиция мәлімдеме жасады

Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс: полиция мәлімдеме жасады
Фото: Tengrinews.kz

Алматы облысының полициясы Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Былтыр 4 қазанға қараған түні кәмелетке толмаған баланы өлтіру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталды. Қазір тараптарды соталды тергеу материалдарымен таныстыру процесі жүріп жатыр. Танысқаннан кейін қылмыстық іс оның заңдылығын тексеру және сотқа жіберу туралы шешім қабылдау үшін прокурорға жолданады", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін марқұмның отбасының адвокаттары ресми түрде мәлімдеме жасап, соталды тергеу аяқталғанын мәлімдеді. 

Шерзат Болаттың өлімі туралы не белгілі?

Еске салайық, Талғарда 4 қазанға қараған түні жасөспірім көз жұмды, кейінірек өңірдің полиция департаменті осы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. Ал марқұм Шерзаттың отбасы бұл жайтқа қатысы барлардың бәрін ұстап, жазалауды талап етті. Қалаға ІІМ тобы жіберілді.

Талғардағы қайғылы оқиға: бейнебақылау камераларының жазбалары өшірілгені рас па?

Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Талғарда көз жұмған Шерзаттың отбасына тегін қорғаушы ұсынды. Сонымен қатар Алматы облысы полиция департаментінің өкілі Талғардағы жаппай төбелесте күдіктілер қандай суық қару қолданғанын айтты.

"Қазақ болып күресеміз". Заңгер Талғардағы жасөспірімнің өліміне қатысты істі соңына дейін жеткізетінін айтты.

Кейінірек полиция тағы да мәлімдеме жасап, халық арасында тараған "Талғардағы жасөспірімнің өліміне бандиттердің қатысы бар" деген ақпаратқа пікір білдірді. Ал 12 қазанда Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті. Артынша марқұмның отбасын полиция күзететін болды.

Талғарда қаза тапқан жасөспірімнің үйі өртенді: оқиға орнынан фотолар 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова