Полиция 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша тағы үш адамды ұстады. Бұл туралы Алматы облысының прокуроры Берік Адамов мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұрын жеті адам ұсталғаны хабарланған еді. Енді ұсталғандардың саны 10 екені белгілі болды.
"Бұл іс бойынша 10 адам күдікті деп танылды. Тағы екеуі қылмыстық қудалау орбитасында, бірақ олар - қорғану құқығы бар куәгер", - деді Берік Адамов брифингте.
Кісі өлтіру және бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Еске салайық, Талғарда 4 қазанға қараған түні жасөспірім көз жұмды, кейінірек өңірдің полиция департаменті осы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. Ал марқұм Шерзаттың отбасы бұл жайтқа қатысы барлардың бәрін ұстап, жазалауды талап етті. Қалаға ІІМ тобы жіберілді.
Талғардағы қайғылы оқиға: бейнебақылау камераларының жазбалары өшірілгені рас па?
Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Талғарда көз жұмған Шерзаттың отбасына тегін қорғаушы ұсынды. Сонымен қатар Алматы облысы полиция департаменті өкілі Талғардағы жаппай төбелесте күдіктілер қандай суық қару қолданғанын айтты.
Кейінірек полиция тағы да мәлімдеме жасап, халық арасында тараған, "Талғардағы жасөспірімнің өліміне бандиттердің қатысы бар" деген ақпаратқа пікір білдірді. Ал 12 қазанда Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті. Артынша марқұмның отбасын полиция күзететін болды.
Талғарда қаза тапқан жасөспірімнің үйі өртенді: оқиға орнынан фотолар
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз