Талғарлық Шерзат Болаттың өлімінен кейін аты қызу талқыға түскен хуторлық Хасан ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл ақпаратты Tengrinews.kz дереккөзі растады.
Кейбір деректер бойынша ол 2021 жылы жасаған қылмысы үшін ұсталған.
Бұған дейін ел арасында Талғардағы төбелесте қаза тапқан Шерзат Болаттың өлімінен кейін күдіктілердің "Хутор" қылмыстық тобына қатысы бар екені және аталмыш топтың басында Хасан Қасымбаев есімді азамат тұр деген әңгіме тараған болатын. Желіде Хасанмен түскен әншілердің суреттері тарап, көпшілік оларды сынға алған еді.
Кейіннен атышулы Хасан әлеуметтік желіде төбе көрсетіп, "менің еш қатысым жоқ" деп сұхбат берген болатын.
Еске салайық, Талғарда 4 қазанға қараған түні жасөспірім көз жұмды, кейінірек өңірдің полиция департаменті осы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. Ал марқұм Шерзаттың отбасы бұл жайтқа қатысы барлардың бәрін ұстап, жазалауды талап етті. Қалаға ІІМ тобы жіберілді.
Талғардағы қайғылы оқиға: бейнебақылау камераларының жазбалары өшірілгені рас па?
Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Талғарда көз жұмған Шерзаттың отбасына тегін қорғаушы ұсынды. Сонымен қатар Алматы облысы полиция департаменті өкілі Талғардағы жаппай төбелесте күдіктілер қандай суық қару қолданғанын айтты.
Кейінірек полиция тағы да мәлімдеме жасап, халық арасында тараған, "Талғардағы жасөспірімнің өліміне бандиттердің қатысы бар" деген ақпаратқа пікір білдірді. Ал 12 қазанда Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті. Артынша марқұмның отбасын полиция күзететін болды.
Талғарда қаза тапқан жасөспірімнің үйі өртенді: оқиға орнынан фотолар
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!