Шерзат Болаттың ата-анасы әкімдік ұсынған баспанадан бас тартты

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Еңбекшіқазақ ауданы Азат ауылындағы өртке және Талғар ауданындағы жағдайға байланысты жедел штаб отырысын өткізді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Біз марқұмның отбасына көмектесу үшін бар күшімізді саламыз. Жағдай бақылауда, барлық құқық қорғау органдары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Заңдылықты қамтамасыз ету үшін шұғыл шаралар қабылдау қажет. Барлық кінәлілер жауапқа тартылады", – деді Марат Сұлтанғазиев.

Сондай-ақ облыс басшысы өртенген үйді толық қалпына келтіруді тапсырды.

"Сонымен қатар отбасына материалдық және психологиялық көмек көрсетіледі", – деп атап өтті әкім.

Әкімдік сонымен бірге зардап шегушілердің ата-анасының баспанасы болғандықтан, ұсынылған көмектен бас тартқанын хабарлады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!