Шерзат Болаттың әкесі өзіне қол жұмсамақ болды

Бүгін, 10 желтоқсанда сағат 15:30-да Алматы облысы Азат ауылында жерлеу рәсімінде қоғамдық тәртіп пен айналасындағылардың, оның ішінде кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігіне қауіп төндірген оқиға болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, Қаржаубай Нұрымов прокурордың заңдылықты сақтау туралы түсіндірмелерін елеместен, өзін өте агрессивті ұстаған, айналасындағыларға қауіп төндіріп, суицид жасаймын деп қорқытқан.

"Сондай-ақ полиция қызметкеріне пышақпен шабуыл жасады. Оның мінез-құлқы өзіне де, айналасындағыларға да қауіп төндірді. Нұрымов жағдайына алаңдаған туыстары мен адвокаттарының өтініші бойынша оның өмірі мен айналасындағылардың өміріне зиян келтірмеу мақсатында полиция қызметкерлері оны ұстау үшін шаралар қабылдады", - делінген полиция таратқан хабарламада.

Қазіргі уақытта ол полиция бөліміне жеткізілген, онымен психологтар жұмыс істеп жатыр.

Полиция жағдайды тұрақтандыру бойынша жұмысты жалғастырып жатыр және азаматтарды сабырлы болуға үндеді.

"Азаматтардан тек ресми дереккөздерге сенуді сұраймыз және жалған мәліметтерді тарату қылмыстық жауапкершілікке дейін әкелуі мүмкін екенін еске саламыз", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 9 желтоқсан күні таңертең Шерзат Болаттың ағасы өлі табылған еді. Ақпаратты Алматы облыстық полиция департаменті растады. Полиция мәліметінше, марқұм өзіне-өзі қол жұмсаған.

Марқұм қайтыс болар алдында хат жазып кеткен. Хат мәтінін полиция жариялады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!