Шерзат Болаттың әкесі босап шықты: ол қазақстандықтарға үндеу жасады

Талғарда кісі қолынан мерт болған Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов босап шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Қаржаубай Нұрымовтың Қазақстан халқына үндеу жасаған видеосы тарады. 

Оны 10 желтоқсанда полиция ұстап, соттың шешімі бойынша 15 күнге қамауға алынған еді. Ол "Ұсақ бұзақылық жасады" деп айыпталған, қазір отбасының жанында.

"Ассалаумағалейкүм, Қазақ елі! Аллаға шүкір, үйдеміз. Қолдауларыңызға көп рақмет! Бәрі жақсы, бала-шағаның жанындамыз. Қорқатын ештеңе де жоқ", - деді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @justice_for_sherzat

Еске салайық, Шерзат Болаттың әкесі ұсақ бұзақылық жасағаны үшін (Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі) қамауға алынған еді. Полицейлердің айтуынша, ол қоғамдық орында балағат сөздер айтқан, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қорлап, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзатын айналасындағыларға құрметсіздік танытатын іс-әрекеттер жасаған және көлік құралдарының қозғалысы үшін кедергілер жасаған. Мұның бәрі Қаржаубай Нұрымовтың інісінің жерлеу рәсімінде болған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз