Шерзат Болат ісі бойынша кәмелетке толмаған сотталушы Думан Ысқақов бостандыққа шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Мейрман Шекеев Instagram-парақшасында хабарлады.
Оның айтуынша, Думан Ысқақовқа қатысты бұлтартпау шарасы өзгертіліп, ол қамаудан босатылған.
"Думан Ысқақов бірінші сатыдағы сот үкімімен тағайындалған жазаны өтеп қойғандықтан, Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Мусабекованың 2025 жылғы 23 шілдедегі сот қаулысымен бұлтартпау шарасы жойылып, ол қамаудан босатылды", — деді адвокат.
Шерзат ісі бойынша апелляциялық сот отырысы 2025 жылғы 18 тамызда сағат 11:00-де Алматы облыстық сотының ғимаратында өтеді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз