Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек тағы бір заңсыздықты әшкереледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, бұл жайт Наурызбай ауданында болып жатыр.
"Үш жыл билік тарапынан ешқандай әрекет жоқ! Үлкен лог құрылыс қалдықтарымен көміліп, экожүйе жойылды, таулы аймақтың биоалуантүрлілігі жоғалды. Әкімдік, полиция және бақылау органдары үнсіз. Экологиялық қылмысқа кім жауап береді?" - деп ашынды ол.
Сондай-ақ, Бақытжан Базарбек оқиға орнынан видео жариялады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, бұған дейін Қапшағай су қоймасы мен Іле өзені аумағында 82 жер телімі жеке меншікке өтіп кеткені хабарланды. Бұл туралы да Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек мәлімдеді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова