Шенеуніктер мен кәсіпкерлерді бопсалаған: Шымкентте блогер ұсталды

Шымкентте ақша бопсалаумен айналысқан блогер мен сыбайластары ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желіде беделге нұқсан келтіретін видеоларды жариялаймын деп қорқытып, азаматтардан ақша бопсалаумен айналысқан топтың заңсыз әрекетін әшкереледі.

Жедел іс-шаралар барысында Instagram желісінде 150 мыңға жуық оқырманы бар жергілікті блогер үш сыбайласымен бірге кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметшілерді әдейі бейнетаспаға түсіріп жүргені анықталған.

"Олар қызметтік міндетін атқару барысында тіркелді деп болжанған тәртіпбұзушылықтарды, сондай-ақ, кәсіпкерлік қызметке қатысты болуы мүмкін заңбұзушылықтарды сылтау етіп, түрлі бейнематериал жинаған. Кейін сол видеоларды әлеуметтік желіге жарияламау үшін азаматтардан ақша талап еткен. Күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр", - деді полиция.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!