Шенеунік мектеп директорларынан “тексеріс үшін“ 18 миллион теңге жинаған

Шенеунік мектеп директорларынан “тексеріс үшін“ 18 миллион теңге жинаған
Фото: depositphotos.com

Ақтөбе облысының Шалқар аудандық соты лауазымдық өкілетін асыра пайдалану ісі бойынша үкім шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыстық іс сотқа түспей тұрып, прокурор мен сотталушы арасында кінәні мойындау туралы процестік келісім жасалған.

"Сотталушы Ж. мемлекеттік функцияларды орындауға бөлім басшысы лауазымында бола тұра, мектеп директоры А-ға телефон арқылы барлық мектеп директорынан тексеріске ақша жинап беру керегін айтқан. Нәтижесінде жиналған 18 500 000 ақша қаражатын иемденіп алып, өз қажетіне жұмсаған", - делінген хабарламада.

Сотталушы сот отырысында кінәсін толық мойындады. 

"Сот үкімімен сотталушыны Ж. кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы мен пробациялық бақылау тағайындалды" - делінген сот үкімінде.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан