Самарқандта шенеунік видеоселекторлық жиналыс кезінде тізесіне отырған қызметкер әйелді құшақтап отырған. Бейнеқоңырау кезінде камерасын өшіруді ұмытқан оның видеосы бір сәтте желіде тарап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі uznews сайтына сілтеме жасап.
Өзбекстанның Жұмыспен қамту және кедейлікті қысқарту министрлігінің баспасөз қызметі бұл оқиға зерттелгенін, видеодағы қызметкерлер жұмыстан шығарылғанын айтты. Олардың еңбек шарттары бұзылған.
Ер адам Қаттақұрган аудандық жұмыспен қамту және кедейлікті қысқарту бөлімінің басшысы болған, ол бұл лауазымды 2023 жылғы желтоқсаннан бастап атқарған.
Желі қолданушылар бұл оқиғаны АҚШ-тағы Coldplay тобының концертіндегі жанжалға ұқсатқан.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!