Шемонаиха газ қоймасындағы жарылыстан зардап шеккендердің саны төртке жетті. Бұған дейін екі адам жарақат алған еді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі УК-news.kz-ке сілтеме жасап.
Порталдың мәліметінше, оқиғаның салдарынан термиялық күйік алған төрт адам Шемонаиха аудандық ауруханасына жеткізілген.
Екі ер адам аудандық орталық аурухананың жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр, денелерінің көп бөлігі күйген. Зардап шеккен тағы екі адам - ер адам мен әйел хирургиялық бөлімшеге жатқызылды, олардың жағдайы орташа ауыр.
"Науқастарға барлық қажетті медициналық көмек беріліп жатыр. Ауруханада қажетті көлемдегі медициналық құралдар мен дәрі-дәрмек бар. Сонымен қатар ШҚО бас штаттан тыс мамандары: бас травматолог пен облыстың бас реаниматологы бар Өскеменнен Шемонаихаға санитарлық авиация бригадасы келді", - деп жазды портал.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!