Шемонаихадағы жанармай құю станциясындағы жарылыстан зардап шеккен екі адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі yk-news.kz-ке сілтеме жасап.
22 маусымда Шемонаихада жанармай құю станциясында жарылыс болды. Зардап шеккен төрт адам жергілікті аудандық ауруханаға жеткізілді. Олардың ішінде екі ер адам өте ауыр жағдайда, тағы екеуі - ер адам мен әйел орташа ауыр күйде болды.
Дәрігерлер 48 сағат бойы қатты күйік шалған науқастардың өмірі үшін күрескен, бірақ оларды құтқару мүмкін болмаған. Ауруханаға өте ауыр жағдайда түскендер қайтыс болды.
"Олардың денесін 100 пайызға жуық күйік шалған. 48 сағат бойы дәрігерлер олардың өмірі үшін күресті", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілі.
Еске салайық, бұған дейін Шемонаихадағы жанармай құю станциясында жарылыс болғаны хабарланған еді.
22 маусымда Шемонаиха қаласы Украинская көшесіндегі газ баллондарына жанармай құю станциясында болған жарылыс салдарынан өрт шықты. Өрттен 5 техника жойылды. Сондай-ақ, адамдар зардап шекті.
Кейінірек жарылыстан зардап шеккендердің саны төртке жеткені белгілі болды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!