Алматыда көліктерге тексеріс күшейді. Бұл туралы қаланың Экология басқармасы мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, тексеріс ауаның ластануын азайтуға, газдың зиянын бағалауға, көліктер арасындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтауға бағытталған.
"4-10 қазан аралығында мамандар 224 көлікті тексерді. Оның 138-і бензинмен немесе газбен жүрсе, 23-інде зиян заттар рұқсат етілген мөлшерден асып кеткен. 64 дизельді көліктің жартысына жуығы (26) уыттылық пен түтін шығару нормаларынан асып кеткен", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда күн сайын миллионнан аса көлік жүретіні белгілі болды. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев мәлімдеді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!