Шекарасыз өнер: ЮНЕСКО мұрасын қорғау аясында Алматыда таланттар жиналды

2024 жылғы 26 қазанда Алматының орталық мемлекеттік музейінде ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұрасына арналған The Planet of Art - 2024 Халықаралық жастар фестивалі өтті. 34 елден келген жас суретшілер мәдени және табиғи қазыналарды сақтауға шақыратын және терең мағынаға толы өз еңбектерін көпшілік назарына ұсынды.

The Planet of Art - 2024 фестивалінің биыл өткізілуі маңызды. Биыл Қазақстан Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының федерациясы 15 жылдығын атап өтеді, ол әлемдік мәдени мұраны қорғау аясында жас суретшілердің бірігуінің символына айналды.

"The Planet of Art фестивалі мәдениеттің шекараларды жойып, жасына және ұлтына қарамастан, адамдарды біріктіре алатынына жарқын мысал бола алады. Бұл федерацияның жай жобасы емес, бұл - диалог пен шығармашылық алаңы", - деп атап өтті ЮНЕСКО клубтары федерациясының президенті Болат Ақшолақов.

Басты шара еңбектер көрмесі болды, одан кейін жеңімпаздар Ольга Яикова мен Шарифа Шарафходжаеваның жетекшілігімен Шымбұлаққа пленэрге барды. Табиғаттан шабыт алған жас суретшілер оның сұлулығын өз суреттерінде бейнеледі.

Фестиваль Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында жалғасын тапты, онда жас қылқалам шеберлері Бауыржан Байділдә мен Мұқан Сүлейменовтің шеберлік сыныптарында мозаика орындау және акрил бояу техникаларын меңгерді.

Ескі қирандылар, сәулет жауһарлары және табиғаттың нәзік сұлулығы тақырыбындағы жұмыстар арқылы ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұрасы тақырыптарына ерекше назар аударылды. Бұл туындылар болашақ ұрпаққа қандай мұра қалдыратынымыз жайлы ойлануға итермелейді.

"The Planet of Art фестивалі өнерде жаңа есімдерді ашып қана қоймай, сондай-ақ жастардың бойына маңызды құндылықтарды сіңіреді. Біз өнер өскелең ұрпақтың дүниетанымын қалыптастыруда шешуші рөл атқаратынына сенеміз, сондықтан бұл жобаны қолдаймыз", - деп атап өтті ERG Komek ҚҚ директоры Мәди Исмаилов.

Бағдарлама финалистердің еңбектерінен жасалған тақырыптық альбом - мәдени бірлік символының презентациясымен аяқталды. Жоба әлеуметтік маңызға ие, оны бас серіктесі Eurasian Resources Group (ERG), тең серіктесі CNPC, ресми серіктестері "ТеңізШевройл" және TotalEnergies E&P Kazakhstan қолдады. Бұл фестиваль әлеуметтік мәртебесі мен тұрғылықты жеріне қарамастан, балаларға өз таланттарын паш етіп, қазақстандық жетекші шеберлермен тегін жұмыс істеуге мүмкіндік берді.

Жобаны ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссиясы, ҚР Сыртқы істер министрлігі, ҚР Оқу-ағарту министрлігі, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі және Алматыдағы ЮНЕСКО өңірлік кеңсесі қолдады. Іс-шараның демеушілері - Шымбұлақ тау курорты мен Kinoplexx & Kinopark кинотеатрларының желісі.

The Planet of Art - 2024 фестивалі өнердің әртүрлі мәдениеттердегі адамдарды біріктіріп, ұрпақтар арасында мәдени көпір құра алатынын көрсетті.

Материалды Қазақстан Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының Федерациясы ұсынды

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!