- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шекараны заңсыз кесіп...
Шекараны заңсыз кесіп өтпек болған ауғанстандықтар ұсталды
Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өтпекші болған шетелдіктер ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҰҚК ШҚ "Алматы" шекаралық бақылау басқармасы ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментімен бірлесе, прокуратура органдарының үйлестіруімен Қазақстан аумағы арқылы ауғанстандықтардың Ресейге және одан әрі Еуропа елдеріне заңсыз көші-қон арнасының жолын кесті.
Биыл 16 наурызда лауазымды тұлғаға 5 мың АҚШ доллары көлемінде пара беру әрекеті кезінде 4 ауғанстандық ұсталды.
Тергеу материалдарына сәйкес, бұл қаражат шетелдіктерді Испания мен Португалияның жалған төлқұжаттары бойынша Алматы қаласының халықаралық әуежайы арқылы тасымалдауды ұйымдастыруға арналған.
Қылмыстық кодекстің 394-бабының 1-бөлігінде және 367-бабында көзделген қылмыс белгілері бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Соттың санкциясымен ұсталған адамдарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етілмейді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек