- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шекараны заңсыз кесіп...
Шекараны заңсыз кесіп өткен 17 шетелдік ұсталды
Фото:
ҰҚК
Ұлттық қауіпсіздік қызметі шекараны заңсыз кесіп өткен шетелдіктер туралы ақпарат жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Биыл 28 наурыз бен 10 сәуір аралығында Жамбыл облысы бойынша ҰҚК Шекара қызметі департаментінің әскери қызметшілері мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту әрекеті барысында белгіленген өткізу пункттерін айналып өту кезінде 17 шетелдікті ұстады.
Олар шекараны заңсыз кесіп өткен. Соталды тергеп-тергеулер жүргізіліп жатыр.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын және оның режимін бұзу қылмыстық және әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек