- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шекаралас аудандарда инвестициялық...
Шекаралас аудандарда инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда
ШҚО-да Марқакөл ауданының әкімдігі мен «ГРК МЛД» ЖШС және East Copperproduction LLP компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандумның мақсаты – ауданда серіктестік орнатып, бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру.
"Келісім аясында әлеуметтік нысандар салу, көшелерді абаттандыру, жолдарды жөндеуді жоспарлап отырмыз. Бұл жаңадан құрылған шекаралас аудан үшін өте маңызды меморандум", - деді Марқакөл ауданының әкімі Рүстембек Кемешев.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина