Жамбыл облысында шекарадан есірткі заттарын жасырын алып өтпек болған шетелдік ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
14 желтоқсанда Жамбыл облысының "Айша-бибі" өткізу пунктінде ҰҚК Шекара қызметі есірткі заттарының ірі партиясын алып өту әрекетінің жолын кесті.
"Техникалық құралдарды қолдану арқылы көліктің жасырын жерлерінде күдікті зат салынған 36 қап табылды, олардың кейбіреулерінде "999" таңбасы болды. Сараптама нәтижесінде жалпы салмағы 30 келіден асатын тәркіленген заттардың есірткі екендігі анықталды", - делінген хабарламада.
Тәркіленген заттардың ішінде:
- героин - 0,999 келі,
- апиын - 3,620 келі
- гашиш - 25,949 келі.
Шетелдік ер адам ұсталып, соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Massaget.kz