Түркістан облысында шекарадан аяқ киімге арналған кремге героин жасырып өтпек болғандар ұсталды , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ҰҚК Шекара қызметі есірткінің рекордтық партиясын Мемлекеттік шекара арқылы алып өтудің жолын кесті. 31 мамырда Түркістан облысындағы Б.Қонысбаев атындағы бақылау-өткізу пунктінде шекарашылар қызметтік итті пайдалана отырып, ауыр жүк көлігінде аяқ киім креміне арналған ыдыстарға жасырылған күдікті заттарды тауып, тәркіледі.
Сараптама заттардың құрамында героин барын көрсетті, оның жалпы салмағы 775 келі болған.
Табылған есірткінің "қара" нарықтағы құны 15 млн АҚШ долларынан артық болуы мүмкін.
Осы қылмысты жасады деген күдікпен екі шетел азаматы ұсталды және сот санкциясымен қамауға алынды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз