Шекарада заң бұзған үш мыңнан аса адам ұсталды. Оның ішінде шетелдіктер де бар

Шекарада заң бұзған 3 186 адам ұсталды. Оның ішінде шетелдіктер де бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Шекара кеңістігінде  Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзушылары ұсталды, оның ішінде:

  • 38 шетел азаматтары шекараны бұзғаны үшін;
  • 29 шетел азаматтары шекараны бұзуға әрекеттенгені үшін.

Мемлекеттік шекара арқылы 1 342 заңсыз алып өту фактілерінің алды алынды, соның ішінде:

  • 49 факті – есірткі заттары, жалпы салмағы 780 кг-дан жоғары;
  • 36 факті – ату қаруы мен оқ-дәрілер (17 дана жарылғыш жұмыстар үшін компоненттер, 3 дана ату, 3 дана зақым келтіру және 17 дана суық қарулары, 81 дана оқ-дәрілер);
  • 38 факті – діни әдебиет (842 дана);
  • 341 факті – жалпы сомасы 12 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (133 тоннадан астам);
  • 744 факті – жалпы сомасы 3,4 млрд теңгеден астам халық тұтыну тауарлары;
  • 134 факті – жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден астам шетел валютасы.

Каспий акваториясында 120 браконьерлік фактілерінің алды алынды, сондай-ақ:

  • 54 дана жүзу құралдары;
  • жалпы ұзындығы 244,6 км торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары;
  • 1 226 дана (6 тонна) бекіре тұқымдас балықтар;
  • 98 428 дана (61 тонна) таза тұқымдас балықтар;
  • 63 дана (1 тонна) итбалықтар.

Алды алынған залал сомасы - 2,3 млрд теңге.

Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз