Шекарада құны 150 млн теңге тұратын қытайлық жүк көліктерінің контрабандасы анықталды

Шекарада құны 150 млн теңге тұратын қытайлық жүк көліктерінің контрабандасы анықталды
Фото: depositphotos.com

Бас көлік прокуратурасы экономикалық контрабанда бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Елімізге Қытай Халық Республикасында өндірілген, құны 150 млн теңгеден асатын, экологиялық талаптарға сай келмейтін жүк көліктері жалған құжаттар арқылы заңсыз әкелінген.

"Қылмыстық істі Бас көлік прокуратурасының соталды тергеп-тексеру басқармасы тергеп жатыр. Кешенді тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget