Шекара қызметі қазіргі уақытта Қазақстан-Қырғыз шекарасында Алматы облысындағы "Кеген өткізу пунктінде көлік құралдарының жиналғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомствоның хабарлауынша, бұл шекаралас аймақтағы жол төсемін жөндеуге байланысты болып отыр.
Басқа бақылау-өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді, ешқандай шектеулер енгізілмеген.
"Осы мән-жайларды ескеруді және мүмкіндігінше қозғалыс бағытын түзетуді сұраймыз", - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!