ҰҚК Шекара қызметінің қаңтардағы жұмысын қорытындылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шекара қызметі Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзған 3 785 адамды ұстаған, соның ішінде 27 шетел азаматы шекараны бұзған; 12 шетел азаматының шекараны бұзу әрекеттерінің жолы кесілген.
Мемлекеттік шекара арқылы заңсыз алып өтуге қатысты 1 248 деректің алды алынған, соның ішінде:
- жалпы салмағы 7 келіден аса есірткі;
- синтетикалық есірткі жасауға арналған прекурсорлардың 1 факті,
- 113 - қарулар мен оқ-дәрілер (5 дана атуға жарамсыз, 1 дана ату, 25 дана пневматикалық, 152 дана суық қару, 105 дана оқ-дәрілер, 21 дана электрошокерлер);
- 30 - діни әдебиет (728 дана);
- 462 - жалпы сомасы 18 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (35 000 литрден аса);
- 491 - жалпы сомасы 3,1 млрд теңгеден аса халық тұтыну тауарлары;
- 115 - жалпы сомасы 1,4 млрд теңгеден аса шетел валютасы.
Каспий акваториясында 29 браконьерлік дерегінің алды алынды, сондай-ақ 16 жүзу құралы; жалпы ұзындығы 17,4 км тор болатын браконьерлік аулау құралдары; 139 дана (500 келі) бекіре тұқымдас балық тәркіленген. Алды алынған залал сомасы шамамен 196 млн теңгеге жеткен.
"Бұл деректер бойынша материалдар заңбұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді. Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілген жоқ, барлық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп тұр", - деп жазылған хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова