Қазақстан шекарасында 40-тан аса шетелдік ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҰҚК қарашада құзырлы органдармен бірлесіп, Қазақстан заңнамаларын бұзған 5 785 адамды ұстады. Соның ішінде 17 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін ұсталса, 19 шетел азаматының шекараны бұзу әрекеттерінің жолы кесілді.
"Мемлекеттік шекара арқылы заңсыз алып өтудің 1 313 дерегінің алды алынды, соның ішінде: 26-сы - есірткі; 62-сі - қарулар мен оқ-дәрілер (30-ы - атуға жарамсыз, 1-еуі - ату, 1-еуі - пневматикалық, 43-і - суық қарулар, 136-сы - оқ-дәрілер, 18-і - электрошокерлер); 35-і - діни әдебиет (1 215); 414-і жалпы сомасы 50 миллион теңгеден асатын жанар-жағармай (55 литрден аса); 644-і - жалпы сомасы 3,5 миллиард теңгеден асатын тұтыну тауарлары; 132-сі жалпы сомасы 3 миллиард теңгеден асатын шетел валютасы", - деп жазылған хабарламада.
Каспий акваториясында 7 браконьерлік дерегінің алды алынды. Шекарада мына заттар тәркіленді:
"Залал сомасы - 620 миллион теңге", - деп хабарлады ҰҚК.
Бұл деректер бойынша заңбұзушылар жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.
Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілген жоқ, барлық өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан шекарасында 57 шетелдік ұсталғаны хабарланды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!