Қырғызстанда шекарашыға аю шабуыл жасады. Бұл туралы ҰҚК Шекара қызметі өкілі айтты, - деп хабарлайды "24 kg".
ҰҚК Шекара қызметі өкілінің айтуынша, Ош облысы Шоң-алай ауданы Туштук-Бокбаши деген жерде мемлекеттік шекараны күзеткен 31 жастағы әскери қызметшіге аю кенет шабуыл жасаған. Шекарашы жануармен күресіп, ауыр жарақат алған.
Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеніне қарамастан, сержант жарақаттан қаза болған.
Басылым мәліметінше, ОШ облысы ҰҚК ШҚ басқармасының қолбасшылығы, әскери прокуратура мен құқық қорғау органдары өкілдері оқиға орнында тергеу жүргізіп жатыр.