Шекара әрқашан ашық - СІМ этникалық қазақтар туралы

Шекара әрқашан ашық - СІМ этникалық қазақтар туралы
Фото: Фото:elements.envato.com

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі тарихи Отанына оралғысы келетін этникалық қазақтар үшін еліміздің шекарасы мен есігі әрқашан ашық екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтан тарихи Отанына қайтқысы келетін Ресей қазақтарына министрлік тарапынан көмек көрсетіле ме деген сұрақ қойылды.

"Көшіру мәселесіне келетін болсақ, Қазақстан Республикасы тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен-ақ шетелде тұратын барлық бауырларымызды Қазақстанға көшуге шақырғанын білесіздер, оларға барлық жағдай жасалған. Қазақстан Республикасының шекарасы мен есігі олар үшін әрқашан ашық", - деді брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова