Ішек инфекциясы және улану. Терапевт жаңажылдық корпоративтердің 5 қауіпті тұсын атады

Ішек инфекциясы және улану. Терапевт жаңажылдық корпоративтердің 5 қауіпті тұсын атады
Фото: freepik

Жаңа жылдық кештер әріптестермен жұмыстан тыс уақытта жолығып, көңіл көтеруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ сіз жұмыс істейтін адамдарды жақынырақ тани бастайсыз. Дәмді тамақ пен ашшы судан ұрттап, күйбең тіршіліктен арылуға таптырмас уақыт. Алайда мұндай іс-шаралар денсаулыққа байланысты проблемаларға әкеліп соқтыруы мүмкін. Терапевт Сергей Лопатин корпоративтен кейін туындауы мүмкін мәселелер туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz  тілшісі doctorpiter.ru-ға сілтеме жасап. 

Вирустар

Пандемияның кезінде жаңа жылдық кештерге тыйым салынған болатын. Алайда коронавирустің өзі, сондай-ақ ЖРВИ, тұмау және басқа да ауа-тамшылы вирустар жойылған жоқ. Ол аз десеңіз корпоративтік маусым респираторлық инфекциялардың көбеюімен сәйкес келеді. Біздің елде қазір қызылша дерті өршіп тұр. Эпидемиологиялық тұрғыдан қауіпсіз деп бір кеңседегі әріптестердің шеңберіндегі шағын отырыстарды айтуға болады. Ал бірнеше жүз қонаққа арналған ауқымды мерекелерден кейін ауырып қалу ықтималдылығы басым. Мұнда инфекция жұқтырмауға ешкім кепілдік бермейді.

Сақтық шаралары: әлеуметтік қашықтықты сақтап, қолыңызды жиі жуыңыз немесе антисептик қолданыңыз. 

Ішек инфекциясы және улану

Ұжымдағы улану және ішек инфекцияларының өршуі - корпоративтік кештердің тағы бір типтік мәселесі. Мұнда ең үлкен қауіп мейрамханалар мен кафелердегі отырыстардан болады. Ластанудың себебі өнімнің сапасының төмендігі ғана емес, оларды сақтау ережелерінің сақталмауы болуы мүмкін. Желтоқсан айында көптеген тамақтану орындары тек ақша табу үшін жұмыс істейді. Мұндай жағдайда барлық санитарлық-эпидемиялық нормалардың орындалуын қадағаламауы мүмкін. Ең көп таралған ішек инфекцияларына E. coli және сальмонеллез, ротавирус және энтеровирус жатады.

Сақтық шаралары: мерекені өткізу үшін мейрамхананы мұқият таңдаңыз, артық тамақтанбаңыз.

Асқазан-ішек жолдарының аурулары

Желтоқсан және қаңтар айларында ауруханаларда асқазан-ішек жолдарының аурулары: панкреатит, холецистит, ойық жара және гастритпен ауыратын науқастардың саны күрт артады. Мұның себебі майлы ауыр тағамдардың көптігі және шамадан тыс тамақтану. Шынында да, жаңа жылдық кештерде тіпті асқазан-ішек жолдарының проблемалары туралы жақсы білетіндер де өзін тежей алмай қалып жатады. Майонез салаттары, ет, маринадталған қияр, тағамдар, ысталған ет, шұжықтар, ірімшік табақтары, жемістер және  десерт - мұның бәрі кейде ас қорыту жүйесі үшін өте қиын.

Сақтық шаралары: барлығын бірден жеп көрмеңіз, порция мөлшерін қадағалаңыз, майлы тағамдардан аулақ болыңыз.

Алкогольмен улану

Медицинада алкогольмен улану әдеттегі мағынадағы улану емес, қатты мас болудың салдарына саяды. Оның белгілері көпшілікке жақсы таныс:

  • ағзаның мас болуы;
  • сусыздандыру;
  • құсу, жүрек айну;
  • бас ауруы.

Бұл жағдай тек асқынумен ғана емес, сонымен қатар инфарктқа, асқазан-ішек жолдарының, бүйрек және бауыр ауруларының өршуіне дейін әкеліп соқтыруы мүмкін. Алкогольдік сусындар қай уақытта да зиян екенін естен шығармаңыз. 

Сақтық шаралары: алкогольді аш қарынға ішпеңіз, көбірек су ішіңіз, мереке басталғанға дейін сорбентті препараттарды ішіңіз (энтеросгель, белсендірілген көмір және т.б.).

Жарақат

Корпоративтен жарақатты әдетте мас адамдар алады. Бұл дегеніміз алкоголь көптеген қауіпті оқиғалардың, күмәнді әрекеттердің және әріптестерімен басқа да қауіпті демалыс идеяларының "бастаушысы" болып табылады. Нәтижесінде дислокация, мидың шайқалуы, ұшқындардан, отшашулардан және басқа пиротехникадан күйіктер пайда болуы мүмкін.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Зинешов